Қытайлық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қытайлық Лу Сяоцзюнь ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальді еншіледі. Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан спорт додасында ол 2012 жылғы Олимпиадада өзі жасаған рекордты жаңартты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Лу Сяоцзюнь 77 келіге дейінгі салмақта екі жаттығудың нәтижесі бойынша 380 келі (176+204) зіл темірді көтерді. Осылайша, Олимпиада рекордын 1 келіге жаңартты. Екінші орын 359 келі (163+196) нәтижесімен КХДР өкілі Ким Кванг Сонгуға тиді. Ал өзбекстандық Ұлықбек Әлімов 355 келіні (158+197) көтеріп, үшінші орынға тұрақтады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ауыр атлетика бойынша әлем чемпионаты қазанның 27 күні аяқталады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или