Джошуа мен Уайлдер арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні анықталды

Джошуа мен Уайлдер арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні анықталды

<span>WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер мен IBO, IBF, WBA (Super) және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Prosports.kz Qsport.kz сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Кәсіпқой бокста жеңілістің не екенін білмейтін қос боксшы арасындағы кездесу осы жылы өтетін болды. Бұл туралы Джошуаның промоутері Эдди Хирн мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Мен жақын күндері Энтонимен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылаймын.Бізге осы жылы Уайлдерге қарсы жекпе-жек ұйымдастыру керек. Егер бұл кездесуді осы жылы ұйымдастары алмасақ, аса ауыр салмақтағы абсолютті чемпиондық атаққа таласа алмауымыз мүмкін. Джошуа да бұл жекпе-жектің өткенін қалайды. Сондықтан бұл алыптардың айқасы міндетті түрде болады», – деді Хирн.</span>

<span>Айта кетейік, Доентей Уайлдер соңғы жекпе-жегін Луис Ортисқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Джошуа Джозеф Паркермен 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или