Джейкобс: Головкиннен реванш алғым келеді
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен реванш өткізгісі келетінін айтты.
«Ол мені одан сайын жігерлендіреді. Бірінші кездесуде GGG-ді жеңдім деп ойлаймын. Менің жоспарым қашан да реванш болғанын бәрі біледі – мұнда жасыратын ештеңе жоқ!», - деді Джейкобс.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс 2017 жылы 18 наурызда жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или