WBC Головкиннің чемпиондық титулды қорғайтынын растады

WBC Головкиннің чемпиондық титулды қорғайтынын растады

5 мамырда Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жек өтпесе де, қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC титулын қорғайды. Бұл туралы Baq.kz жазды. 

WBC президенті Маурисио Сүлеймен Лас-Вегаста өтетін жекпе-жектен «Канелоның» бас тартқаны туралы жаңалық көңілін қалдырғанын, дегенмен Головкиннің WBC титулын қорғаймын деген ұйғарымын қуана мақұлдайтынын жеткізді.

«Бұл бокс үшін өте қайғылы жаңалық болды, себебі барлығы реваншты тағатсыздана күтті. Дегенмен допинг сынаманың оң нәтиже көрсету себебін түсіндіру керек. Невада штатының атлеттік комиссиясы хаттама бойынша жұмыс істеп жатыр. Рұқсат беретін орган ретінде біз өз позициямызды жасадық және осының арқасында боксшының өз еркімен чемпиондық атағын қорғауына рұқсат бердік», - деді ол.

Айта кетсек, 5 мамыр күні орта салмақ дәрежесінде чемпиондық титул сарапқа салынатын жекпе-жекте тағы қосымша жүлде «Cinсo De Mayo» арнайы белбеуі тігіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или