Жанат Жақиянов: Деревянченко - Генаға қауіпті қарсылас

Жанат Жақиянов: Деревянченко - Генаға қауіпті қарсылас

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов Prosports.kz тілшісіне сұқбат беріп қазіргі таңда немен айналысып жүргенін баяндады. 


- Жанат, қал жағдайыңыз қалай? Кәсіпқой мансабыңызды аяқтаған соң сіз бапкерлікті қолға алдыңыз деп естідік... 


- Иә, соңғы жекпе-жектен кейін үлкен спорттан кету туралы нақты шешім қабылдадым. Қазір өзімнің туған өлкем Петропавлда балаларды жаттықтырып жүрмін. Жұмыс орным – бокс мектебі. 


- Балалар қанша жаста? Олар сізді кәдімгідей пір тұтатын шығар? 


- Пір тұта ма жоқ па, о жағын білмеймін, бірақ тыңғылықты дайындық кезінде сый құрметті сеземін. Қазір 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдерді жаттықтырып жатырмын. 


- Ісіңіз алға бассын. Геннадий Головкинге қатысты сұрағым бар еді. Таяуда «Канело» жекпе-жектен бас тартқанын білесіз. Бірақ Головкинге мамырдың 5-і күні жекпе-жек өткізу маңызды. Оған лайықты қарсылас кім деп ойлайсыз? 


- Меніңше, төрт үміткерді атап өтуге болады. Олар: Дэниел Джейкобс, Билли Джо Сондерс, Сергей Деревянченко және уақытша белбеу иегері Джермалл Чарло. Осылардың ішінде ең қауіптісі Деревянченко деп санаймын. Гена қарсылас ретінде төртеуінің қайсысын таңдаса да көрермендер үшін жекпе-жек қызықты болмақ.

- Соңғы жекпе-жектен кейін бапкерге немесе қарсыласқа өкпе-назыңыз жоқ па? 

- Жоқ, өкініш пен реніш болмау керек. Жалғыз айтарым: Райан Барнеттің допинг сынақтан өтпеуі - дұрыс болмады. Яғни ол дәрі-дәрмек қолданады деген пікір қалыптасты менде. 
- Сұқбатқа көп рақмет!  
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или