Қазақстан мен Хорватия арасындағы матчты «Qazsport» арнасы көрсетеді
Теннистен Қазақстан мен Хорватия арасындағы матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
2018 жылдың 6-8 сәуір аралығында Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасы Хорватиямен кездеседі.
Сондай-ақ, Дэвис Кубогының ¼ финалы аясында кездесетін Қазақстан мен Хорватияның ұлттық құрама мүшелері белгілі болды. Хорватия құрамасына қарсы еліміздің үздік теннисшілері Михаил Кукушкин (рейтинг АТР - 83), Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев және Роман Хасанов шығады.
Айта кетейік, 6 сәуір күні «Qazsport» телеарнасынан 17:50, 21:00-де, 7 сәуір күні 18:50-де ал, жарыстың үшінші күнін 9 сәуір күні сағат 12:15, 20:20-да көре аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или