Бейбіт Шүменов WBA рейтингіне қайта оралды
<span>WBA және IBA тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарына қайта оралды, – деп хабарлайды Prosports.kz Qsport.kz сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Бейбіт спорттық мансабын қайта бастаған болатын. Отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 2-орынға жайғасты. Ал 1-орында армениялық Арсен Гоуламириан тұр. Осы салмақтағы WBA, IBF тұжырымдарының чемпионы Мурат Гассиев болса, украиналық Александр Усик WBC, WBO тұжырымдарының чемпионы.</span>
<span>Айта кетейік, Шүменов кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, 17 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 рет жеңілістің ащы дәмін татқан.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или