Спорттық жүрістен өтетін Әлем чемпионатына 8 спортшы қатысады

Спорттық жүрістен өтетін Әлем чемпионатына 8 спортшы қатысады

5-6 мамырда Қытайдың Тайцан қаласында спорттық жүрістен Әлем чемпионаты өтеді. Екі жылда бір ұйымдастырылатын дүниежүзілік додаға Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Тайцан Әлем чемпионатын осымен екінші рет қабылдағалы отыр. Бұдан бұрын 2014 жылы өткізген болатын. Әлем чемпионатында 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады (6 медаль жекелей, 6 медаль командалық есеп бойынша).

Әйелдер арасында 50 шақырымдық сайыс алғаш рет Әлем чемпионатына қосылып отыр.

Тайцанға барудан 9 спортшы үмітті. Спорттық жүрістен ұлттық құраманың аға бапкері Светлана Толстая федерация Әлем чемпионатына 8 спортшыны апаратынын айтты. Оның ішінде 20 шақырымға спорттық жүрістен 5 атлет барады (2 ер, 3 әйел). Жасөспірімдер арасындағы 10 шақырымға 3 атлет қатысады (1 бозбала, 2 бойжеткен). Әйелдер жекелей және команда ретінде де өнер көрсетеді.

Ерлерден ұлттық құраманың көшбасшысы Георгий Шейко (БҚО) мен алматылық Виталий Терехин ел намысын қорғайды. 1999-2000 жылы туған бозбалалардан 17 жастағы Ахмеди Кахрамановқа сенім артылып отыр. Бойжеткендерден 18 жастағы Екатерина Шлыкова мен 17 жастағы Валентина Залевская қатысады.

Әйелдерден 3 орынға 4 атлет үміткер. Оның ішінде Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатына қатысқан Диана Айдосова мен Регина Рыковадан бөлек, үшінші жолдамаға Полина Репина мен Галина Якушева үмітті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или