Қазақстандық боксшы бір соққымен ойын автоматын істен шығарды
Бокстан жастар арасында Қазақстан чемпионы Ангелина Лукас саябақта бір соққысымен күш әлеуетін көрсететін автоматты істен шығарып тастады.
Спортшы бұл видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялаған. Лукас грушаға бір ғана соққы жасады, бірақ автомат оның күші қаншаға бағаланғанын көрсете алмай қалды. «Қаладағы барлық автоматтарды бұзып шықтым», - деп қалжыңдады боксшы.
21 жастағы Лукас жастар арасында ел чемпионы атанып, ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігінің жүлдегері болды. Түрлі халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или