Елеусінов бұрынғы промоутерімен келісімшартты не үшін бұзды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Fighttalk.net сайтына берген сұхбатында MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен және Майк Алтамурмен арада болмай қалған ынтымақтастық туралы айтып берді.
Елеусінов олармен былтыр қаңтарда келісімшартқа қол қойған болатын, алайда көп кешікпей келісім бұзылған, деп хабарлайды Stan.kz.
«Шындығында, сол промоутерлік компанияда шикіліктер болды. Бұл менің қателігім емес. Көңілдегідей болмаған соң, әуесқойлықта қалуды жөн көрдім. Егер сол кезде жақсы ұсыныс жасалғанда, мен соны қабылдаушы едім», — деп атап өтті Елеусінов.
Еске сала кетсек, Данияр наурыз айының басында Эдди Хирн басқаратын британдық Matchroom Boxing компаниямен келісімшартқа қол қойған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или