Вишневская мен Еремин Азия чемпионатында топ жарды
Щучинск қаласында биатлоннан Азия ашық чемпионаты өтіп жатыр.
Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Галина Вишневская жеңімпаз атанса, ерлер жарысында Роман Еремин қарсылас шақ келтірмеді. Еремин сондай-ақ масс-старт сайысында топ жарды. Бұл туралы ҚР ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты жазды
Жекелей сайыс, әйелдер, 15 шақырым
1. Галина Вишневская (Қазақстан) – 48:10.8
2. Алина Райкова (Қазақстан) - +1:58.9
3. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +2:26.3
Жекелей сайыс, ерлер, 20 шақырым
1. Роман Еремин (Қазақстан) – 58:13.4
2. Владислав Витенко (Қазақстан) - +3:15.1
3. Антон Пантов (Қазақстан) - +3:31.6
Масс-старт, ерлер, 15 шақырым
1. Роман Еремин (Қазақстан) – 41:53.9
2. Владислав Витенко (Қазақстан) - +38.4
3. Тимур Куц (Қазақстан) - +53.6
Ертең әйелдер арасында масс-старт cайысы өтеді.