Just Wrestling
Күрес

Олимпиада чемпионы Гацалов аузынан тастамайтын Эдуард Базров деген кім?

Олимпиада чемпионы Гацалов аузынан тастамайтын Эдуард Базров деген кім?
news-banner7
mobile-news-top

Күресті жіті бақылап жүрген жанкүйерлерге Хаджимурат Гацаловты таныстырып жату артықтық етеді. Олимпиада және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы бұл күндері Қазақстанда еңбек етіп жұргенін күрес жанкүйерлері жақсы білуі тиіс. Алайда, сол Гацаловпен тізе қосып еліміздің еркін күресінің жаңа деңгейге көтерілуіне өзіндік үлесін қосып жүрген Эдуард Базров жайлы көпшілік біле бермейді. Бұл оқылықтың орнын толықтыру мақсатында Prosports.kz тілшісі еркін күрес академиясына барып, Эдуард Базровтың өзімен сұхбаттасып қайтты.

- Олимпиада чемпионы Гацалов аузынан тастамайтын Эдуард Базров деген кім?

- Эдуард Базров та күрес ауылынан алыс адам емес. Бірнеше Олимпиада чемпиондары шыққан Солтүстік Осетиядағы Чикола ауылының тумасы Эдуард та бала күнінен күреске жақын болып өсті. Екі дүркін Олимпиада, алты дүркін әлем чемпионы Арсен Фадзаев, Олимпида чемпионы және бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Қажымұрат Гацаловтардың жолымен мен де еркін күреске етене арластым. Ресей ұлттық құрамасы сапында сегіз жыл күресіп, бірнеше халықаралық жарыстарда топ жардым. Ресей чемпионатының бес дүркін жүлдегерімін. Ресей құрамасының нөмірі бірінші балуаны саналған Біләл Маховтың басты қарсыласы болдым. Өздеріңіз білетіндей, Ресейде бәсекелестік өте жоғарғы деңгейде. Өкінішке орай, Әлем және Олимпиада ойындарына қатысу бұйырмады. Ал 2015 жылғы Ресей біріншілігінің финалында Қажымұрат Гацаловтан ұтылған соң спорттық мансабымды аяқтауға бел будым. Алайда күрестен біржола кетіп қалмай бапкерлік жолға түстім. Бапкерлікке келгенімде Артур Таймазов, Ирбек Фарниев, Бесик Кудухов, Қажымұрат Гацаловтардың көмегі тиді. Олардың жаттығуларынан , кросфиттен, ауыр атлетикадан, күрестің басқа да түрлерінен керектісін алып әмбебап жаттығулар жиынтығын жасадым. Әуелде бұл бағдарлама бойынша өзім жаттығып көрдім. Кейінірек өзіме арнайы топ жинап сол балуандармен жұмыс жасадым. Ол топта Владислам Байцаев, Алан Хугаев, Алан Гогаевтар болды. Ол жігіттер бүгінгі күнге дейін жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

- Сізді Қазақстанға қай жел айдап келді?

- Біздің даңқты палуан Қажымұратты Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесшісі ретінде шақырды. Ал Қажымұрат Гацалов маған бірге жұмыс жасау жайлы ұсыныс жасады. Қазіргі таңда еркін күрес академиясында балуандардың жалпы физикалық дайындығын қадағалаймын. Гацаловпен 20 жылдан астам доспыз, сегіз жыл бірге Ресей құрамасында болдық. Жарыстарға бірге шығып, бір залда жаттықтық. Ол менің үлкен ағам десем де болады. Бала күнімнен маған қорған болып, білгенін үйретіп келеді. Шынын айтқанда Осетияда мықты мамандар жеткілікті. Алайда оның таңдауы маған түсті. Біз Қазақстанда Қажымұратпен бірлесіп дайындаған арнайы бағдарламамен жұмыс жасап, палуандарды дайындаудамыз. Қажымұрат екеуміздің басты мақсатымыз - әлем немесе Олимпиада чемпионын дайындап шығару. Қайталап айтамын, біздің көздегеніміз Олимпиада немесе әлем чемпионатының алтыны.

- Сіздер дайындаған жобаның басым тұстары қандай? Еркін күрестегі алпауыт елдердің методикасынан айырмашылық бар ма?

- Мен бапкерлікке бет бұрғалы көптеген елдерде болдым. Атап айтқанда, күресі қарыштап дамыған АҚШ, Иран, Жапония жерінде болып, балуандарды дайындау процессін зерттедім. Америкалықтар мен ирандықтар әдісті пысықтауға емес физикалық дайындыққа көп көңіл бөледі. Жаттығу кезінде физикалық жаттығулар жасап, белдесулер өткізеді. Ал жапониялықтар техника мәселесіне басты көңіл бөледі.

Ал біздің бағдарлама бойынша балуанның физикалық ептілігіне басты назар аударамызі. Балуандар режим сақтап, жаттығуларды жүйелі түрде өткізуі тиіс. Замануи күрестің деңгейі өте жоғары. Нәтиже бір екі жаттығудан емес, жылдап келеді. Біздің бағдарлама нәтижеге қол жеткізгісі келетін және режим ұстанатын спортшыларға арналған. Әрине, тәртіп пен еңбекқорлықтан бөлек қазіргі спортта витаминизация процессі бар. Адамның организмі В,С витаминдері, кальций, амин қышқылдарын талап етеді. Әр спортшының организмі әр келкі. Олардың физикалық қалыпқа келу процессі де әр түрлі. 57 келідегі балуанға керек жаттығулар мен витаминдер ауыр салмақтағы балуанға қажетсіз болуы мүмкін. Сол себепті біздің бағдарлама әр спортшыға жекелей жазылады.

- Заманауи спортта кейбір дәрумендердің арты допингке ұласып жатады ...

- Ойыңызды түсіндім. Біздің балуандар қолданатын витаминдерді кез келген дәріханадан табуға болады. Біз тек рұқсат етілген дәрумендермен жұмыс жасаймыз. Олар: витамин витрум стресс, фоль қышықылы, ұнтақталған С витамині, амин қышқылдары, протеиндер және тағы гейнерлар. Жалпы допинг деген өте даулы мәселе. Мысалға жақында Генадий Головкиннің қарсыласы Сауль Альварестен кленбутерол табылды. Бұл енді күлкілі нәрсе. Кленбутерол боксшыларға қажетсіз дәрі. Оны көбіне бодибилдерлар дене бітімін әдемі қылып көресту үшін пайдаланады. Ал бұның Сауль Альвареске керегі қанша? Өз басым түсіне алмадым.

- Жалпы қанша жерден спорт пен саясат бір-бірінен бөлек дегенімізбен бүгінгі таңда спорт саясаттың құралына айналып барады. Әйтпесе неліктен көбінесе бұрынғы КСРО елдерінің спортшылары ғана ұсталып, қатаң жазалануда... Біле білсеңіздер алғашқылардың бірі болып Бен Джонсон атты ұлыбританиялық спортшы станазолол пайдаланып ұсталған. Ал станазололды ат жарысында пайдаланады. Оны адам пайдаланса, талды тамырымен жұлатын күшке ие болады.

- Головкинді айтып қалдыңыз. Бокста сіздің назарыңыздан тыс қалмайтын сыңайлы.

Жалпы спорт маңайында жүрген соң барлық спорт түрін қадағалап отыруға тырысамын. Головкин Қазақстанның мақтанышы. Бүгінгі таңдаға кәсіпқой бокстағы басты жұлдыздардың бірі. Сол Головкинмен бір командадағы Мурат Гассиев деген мықты боксшы бар. Екеуміз бір жерденбіз. Көрші тұрдық. Туысқанбыз десек те артық емес. Өте еңбекқор боксшы. Головкиннан кейін сол боксшының жұлдызы жанатын шығар. Жақында Дортикості жеңді. Абель Санчес екеуінің жоспары жүзеге асып жеңіліп көрмеген Дортиксты сұлатып салды. Енді Гассиев Олимпиада чемпионы Арександр Усикпен шығады. Менің болжамым бойыншы бұл кездесуде Мурат төртінші раундта жеңіске жетеді. Тіпті даңқты Тайсонның өзі Мурат туралы «Мен Мураттан өзімнің жас кезімді көремін» деген болатын.

- Ұзын құлақтан сіздердің академияларыңызда біздің елдің мақтанышы Елдос Сметов жаттығу жасап жүр деп естідік. Қаншалықты рас?

- Бізге тараздық таныстарымыз хабарласып Елдоспен жұмыс жасауымызды өтінді. Өздеріңіз білетіндей жарақатына байланысты Елодос біраз уақыт күрестен тыс қалған болатын. Бабына келіп, физикасын арттыру үшін біздің академияда жатып, екі ай жаттықты. Біз де қолдан келген көмегімізді аянып қалмадық. Елдос үшін арнайы бағдарлама жасап, Олимпиаданың жүлдегері сол бағдарлама аясында тыңғылықты дайындалып жарақатынан кейінгі қатысқан алғашқы жарысында топ жарды. Мен Елдостың еңбекқорлығына қайран қалдым. Өте байсалды әрі ақылды спортшы. Өте зерек. Бір көрсеткеніңді бірден меңгереді. «Батырға оңы да солы да бір» деген нақыл дәл осы Елдосқа қаратылып айтылғандай. Екі жылдан соң болатын Токио Олимпиадсында Елдостың топ жаратынына сенімдімін. Байқасаңыздар, кешегі Екатеринбургеті жарыста қарсыласының бәрін бір демде жеңіп шықты. Тіпті Олимпиада чемпионы атанған Мудрановтың өзі үшінші орыннан аса алмады. Елдос та Қазақстанның Головкин сияқты мақтанышы. Жарыстан соң Елдос өзі хабарласып ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта тағы да бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Сөз соңында біздің күрес академиясының есігі көмек сұраған барлық спортшылар үшін ашық екендігін айтқым келеді.

Фотолар: Wrestdag.ru және Эдуард Базровтың жеке мұрағатынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер