Қазақстандық спортта легионер саны азаяды

Қазақстандық спортта легионер саны азаяды

Алдағы 2-3 жыл көлемінде елімізде легионер спортшылар болмайды. Олардың орнын толықтай отандастарымыз басады. Бұл туралы 24.kz жазды.

Үнемі спорттық шаралардың ортасынан табылып, көпшілікті салауатты өмір салтына шақырып жүретін мәжіліс депутаты Абай Тасболатов осындай пікір білдірді. Халық қалаулылары Астанадағы велотректе болып, олимпиадалық даярлау орталығының жай-күйімен танысты. Бұған қоса, спорттық кешен жанындағы шағын футбол, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау және таэквондо үйірмелеріне қатысатын жастармен кездесті. Қазір елімізде олимпиадалық спорт түрлеріне келіп жатқан балалар мен жасөспірімдер көп. Сондықтан бірер жылдан кейін спорттағы келімсектер азайып, ел абыройын асқақтатар жаңа толқын шығады. Депутат осылай дейді.

- Гимнастика болсын, волейболы болсын, футболы болсын кішкентай жасөспірімдер белсенді қатысып жүргеніне қуанамыз. 2-3 жылдың арасында ондай легионерлер болмайды, неге десеңіз, біздің 13-15 жастағы жасөспірімдер қазір сондай белсенді. Соған біз қуанамыз, - ҚР Парламент Мәжілісінің депутатыАбай Тасболатов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или