Бокстан ӘЧ. Данияр ширек финалдық жолдаманы қанжығасына басты

Бокстан ӘЧ. Данияр ширек финалдық жолдаманы қанжығасына басты
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов 69 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының ширек финалдық жолдамасын Франция өкілі Сулеймани Сиссохомен сарапқа салды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Кездесу қорытындысы бойынша Данияр жеңіске жетіп, ширек финалға шыққан тоғызыншы қазақстандық боксшы атанды.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін дүбірлі доданың 1/4 финалына Біржан Жақыпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52&nbsp;келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко шыққан болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или