Criminals
Қысқы

Ахмадиев: Өмірде спорттан бөлек маңызды құндылықтар бар

Ахмадиев: Өмірде спорттан бөлек маңызды құндылықтар бар
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін барлық отандық басылымдар Сочи Олимпиадасында еліміздің туын көтерген спортшы Ердос Ахмадиевтың допинг-тесттен сүрінгенін жаппай жазды. Осыған орай, prosports.kz тілшісі шаңғы спортынан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ердостың өзімен сөйлесіп, допинг мәселесі бойынша мән-жайды білді.

- Мен допинг қолданған емеспін. Оның қайдан шыққанын да білмеймін. Біздің бас хатшы олармен соттасу жайлы ұсыныс жасады. Алайда, мен одан бас тарттым. Сот процессі қыруар қаржыны талап етеді. WADA-мен шетелде кімдікі дұрыс екенін анықтап жатудың өзі біраз уақытты алып, жүйкені тоздырады. Оған қоса, менің үлкен спорттан кететін жасымда келді. Жыл басында-ақ мансабымды аяқтаймын деген ойда жүрдім. Өмірде спорттан бөлек маңызды құндылықтар бар. Енді уақытымды жанұям мен жақын адамдарыма бөлемін.

- Допинг-сынама сізден қай уақтта алынды?

- Қателеспесем, Алматы қаласында қаңтар айында. Ал ақпанның ортасында допингтен-тест оң нәтиже бергенін білдім.

- Спорттық мансабыңызды аяқтау жайлы айттыңыз. Болашақта ...

- Үлкен спортта көп жүрген соң оның айналасынан алшақтағың келмейді. Сол себепті бапкерлікке бет бұрсам деген ой бар. Таныстардан ұсыныстар келіп жатыр. Қазіргі таңда ойлану үстіндемін десем де болады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер