Головкин-Альварес реваншына алынған билеттерді қайта қабылдау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен допинг дауына іліккен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 5 мамырға белгіленген реванштың болу-болмауы шамамен екі аптадан соң белгілі болады, деп хабарлайды Prosports.kz inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Жекпе-жек Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты кейінге қалдырылуы немесе мүлдем болмауы мүмкін.
Бұдан бұрын мексикалық боксшы Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен спорттан уақытша шеттетілген еді. Оның бұдан арғы тағдыры аталған комиссияның 10 сәуірде өтетін отырысында белгілі болады.
Дегенмен, MGM Resorts International компаниясы жанкүйерлерге T-Mobile аренасына сатып алынған билеттерді өткізу және олардың құнын 100 пайыз өтеп беру басталғанын мәлімдеді.
Бұл жайлы MGM Resorts-қа сілтеме жасап Las Vegas Review-Journal хабарлайды.
Еске салайық, мексикалық боксшы Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - кленбутерол табылғаны туралы 6 наурызда белгілі болған еді.