Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі турнир өтеді

Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі турнир өтеді

Наурыздың 30-ы мен сәуірдің 1-і аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі XIX Республикалық турнир өтеді деп, ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыстың басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, осы спорт түрін дамыту, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу болып табылады.

Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында UWW ережесіне сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі: 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92 және 110 кг.

Назарларыңызға осы жарыстың бағдарламасын ұсынамыз:

30 наурыз

08.00-08.30 – Медициналық бақылау, 45,51,60,71,92 кг салмақ өлшеу

10.00-13.00 – Жарыстың басталуы (жолдамалық белдесулер)

13.00-14.30 – Түскі үзіліс

14.30-15.00 -48,55,65,80,110 кг. Қатысушылардың жеребесі

15.00-15.30 – Ашылу салтанаты

15.30-18.00 - ¼ және ½ финал

31 наурыз

08.00-08.30 – Медициналық бақылау, 48,55,65,80,110 кг салмақ өлшеу

08.30-09.00 – Медициналық бақылау, 45,51,60,71,92 кг салмақ өлшеу

10.00-13.00 – Жарыстың басталуы

- Белдесулер 48,55,65,80,110 кг),

- Жұбаныш белдесулер (45,51,60,71,92 кг)

13.00-14.30 – Түскі үзіліс

15.00-18.00 - ½ финал 48,55,65,80,110 кг

- Финал (45,51,60,71,92 кг)

18.00 – Қатысушыларды марапаттау салтанаты

1 сәуір

08.00-08.30 - 48,55,65,80,110 кг салмақ өлшеу

11.00-12.00 - Финал

12.00-13.00 – Қатысушыларды марапаттау салтанат

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или