Дэвис кубогы. Қазақстан мен Хорватияның құрамдары белгілі

Дэвис кубогы. Қазақстан мен Хорватияның құрамдары белгілі

Қазақстан мен Хорватия құрамаларына шақырылған теннисшілер белгілі болды.

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев Хорватияға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Дениса Евсеев пен Роман Хасановты шақыртты.

Ал хорваттар сапында Марин Чилич (АТР рейтингісінде – 3), Борна Чорич (АТР рейтингісінде – 36), Виктор Галович(АТР рейтингісінде –187), Иван Додиг (АТР рейтингісінде – 396) және Никола Мектич (жұптық сында АТР рейтингісінде – 32) өнер көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, хорватиялық Вараждинада 6-8 сәуір арасында Дэвис кубогының ширек финалы аясында Қазақстан мен Хорватия кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или