Мэнни Пакьяо мен Василий Ломаченко жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мэнни Пакьяо мен Василий Ломаченко жекпе-жек өткізуі мүмкін

<span>Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) мен Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) жекпе-жек өткізу мүмкін, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>

<span>Сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо мен WBO тұжырымының бірінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко кездесу өткізуі мүмкін. Филиппиндік былғары қолғап шебері кезекті жекпе-жегінен кейін Ломаченкомен жұдырықтасуды көздейді. Ол өз сөзінде: «Менің Лукас Матиспен болатын жекпе-жегімді Боб Арум тамашалауға келеді. Лукасты жеңгеннен кейін, украиналық спортшымен болатын кездесуді талқылайтын шығармыз», – деді Пакьяо.</span>

<span>Айта кетейік, Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегін 8 шілде күні Малайзия елінде аргентиналық панчер Лукас Матиске (39-4, 36 КО) қарсы өткізеді. Ал Ломаченко венесуэлалық Хорхе Линареспен 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или