Ұлттық құрамның бапкері Диас Досқараев Хорватияға қарсы ойынға мына теннисшілерді шақырды: Михаил Кукушкин (АТР рейтингісіндегі орны – 83), Александр Недовесов (АТР рейтингісі –230), Дмитрий Попко (АТР рейтингісі –232), Тимур Хабибулин (АТР рейтингісі – 783), Денис Евсеев (АТР рейтингісі –557) және Роман Хасанов (АТР рейтингісі – 705).
Хорватияның құрамасы мынадай: Марин Чилич (АТР рейтингісі – 3), Борна Чорич (АТР рейтингісі – 36), Виктор Галович (АТР рейтингісі –187), Иван Додиг (АТР рейтингісі – 396) және Никола Мектич (АТР жұптық сайыстағы рейтингісі – 32).
Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 6-ы мен 8-і аралығында Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис кубогының ширекфиналдық Хорватия - Қазақстан кездесуі өтеді.
Қазақстан - Хорватия матчының ойын кестесі:
6 сәуір
Басталу уақыты 13:45
7 сәуір
басталуы 14:45
8 сәуір
басталуы 14:00