Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаушылар рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаушылар рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

26 наурызда мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингісі шықты.

2017/18 жылғы маусымның қорытындысы бойынша қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 14-ші орында тұр.

Рейтингінің бірінші орны 2018 жылғы әлем чемпионы, канадалық Кейтлин Осмондқа бұйырды. Екінші орында биылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері ресейлік Евгения Медведева тұр. Үздік үштікті жапониялық Сатоко Мияхара түйіндеді.

Айта кетейік, Пхенчхан қысқы Олимпиадасының чемпионы, 15 жасар Алина Загитова 5-ші орын алды.

Естеріңізде болса, Тұрсынбаева өткен айдағы рейтингіде 15-ші орында тұрған еді. Ал жақында әлем чемпионатында Элизабет 11-ші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или