Чавес GGG-мен дос болса да, Канелоға қолдау көрсетпек
Hoy Los Angeles басылымы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық үлкен Хулио Сезар Чавестің Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегінде кімге жанкүйер болатынын жазды.
«Чавес екі боксшымен де жақсы қарым-қатынаста. Бірінші жекпе-жек алдында GGG үлкен құрметке ие болды – тіпті, Чавес қазақстандықтың жейдесін киіп алған. Сондай-ақ, ол өз ұлының Канелодан ұтылып қалғанын әлі ұмытқан жоқ. Оның сүйікті боксшы – Головкин. Бірақ Чавес GGG-мен дос болса да, алдағы жекпе-жекте өз жерлесін қолдайтынын айтты», - деп жазды басылым.
Айта кетейік, Головкин – Альварес рематчы 5 мамырға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или