Головкиннің негізгі қарсыластары анықталды

Головкиннің негізгі қарсыластары анықталды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Орта салмақтағы әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшымыздың келесі қарсыласы ретінде кімді таңдайтынын айтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Менің жұмысым алдағы жекпе-жектерді ұйымдастыру, ал Генаның жұмысы Стивенске қарсы өтетін жекпе-жекке дайындалу. Головкиннің кіммен шыққанын қалайтынымды білгілеріңіз келсе, қазіргі кезде ең лайық қарсылас ретінде Серхио Мартинесті атауға болады. Ал Хулио Сесар Чавес орта жартылай ауыр салмақтарда белді боксшы. Келесі жекпе-жекті осы боксшыларға қарсы өткізсе жақсы болар еді&raquo;, - дейді Головкиннің промоутері.</p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Сонымен қатар, Мигель Котто және Андре Уордты да ұмытуға болмайды. Бұл екеуі расында өте танымал әрі Генамен кездесуге әбден лайық&nbsp;боксшылар. Питер Куиллин де жаман боксшы емес, өз басым оны қатты қадірлеймін. Ол бүгінге дейін бір де бір қарсыласынан жеңілмеген. Қазір Куиллин Нью-Йоркте өнер көрсетіп жүр, біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін келіссөздер өткізуіміз қажет&raquo;, - дейді Леффлер.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или