Қазақстан чемпионаты. Мықтылар анықталды
Еркін және әйелдер күресінен 1998-2000 жылы туылған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күн бойы Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек» спорт кешенінде сайысқан еліміздің балуандары өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еркін күрестен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті мен бір миллион теңге сыйақыны табыстады. Ал жарыстың құрметті қонақтары - Олимпиада чемпионы Қажымұрат Гацалов, үш дүркін Олимпиада жүлдегері және Қазақстан Республикасы әйелдер күресінің вице президенті Гузель Манюрова, 2011 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев сынды даңқты балуандар ел чемпионатының жоғарғы деңгейде өткенін айтып өтті.

Жастар арасындағы Азия чемпиондары Абзал Өкенов пен Айна Теміртасовалар өз салмағында көшбасшы балуандар екенін тағы да дәлелдеді. Айта кететін жайт, Қажымұрат Гацалов басқарып жатқан еркін күрес академиясында жаттығып жүрген Айбар Жылқайдаров, Қайпанов Нұрқожа, Дүйсенқұл Қуаныштар дүбірлі додада топ жарды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Еркін күрес
52 кг
1. Жолдыбай Бахтияр (Алматы РКС)
2. Жанабаев Дастан (Маңғыстау облысы)
3. Қадырсеит Еламан (Алматы қ)
3. Ғабиден Бағжан (Алматы облысы)
57 кг
1. Өкенов Абзал (Астана)
2. Қалжан Рахат (Жамбыл облысы)
3. Қартбай Мейрамбек (Ақтөбе обл)
3. Курбанов Акбар (Алматы обл)
61 кг
1. Талғат Сырбаз (Атырау облысы)
2. Таңырбергенов Мақұлбек (Жамбыл облысы)
3. Сағынали Абылай (Ақтөбе облысы)
3. Айтақын Асыл (Алматы облысы)
65 кг
1. Дүйсенқұл Қуаныш (Алматы қ)
2. Сайранбай Бағдат (Алматы қ)
3. Нұрахмет Дидар (Алматы облысы)
3. Сүлейменов Мейрамбек (Астана)
70 кг
1. Қайпанов Нұрқожа (СҚО)
2. Жолболсын Елдар (Алматы)
3. Ергеш Дәулет (Жамбыл облысы)
3. Әбдіхамит Әкежан (Алматы РКС)
74 кг
1. Аскаров Диас (ШҚО)
2. Мұхаметқалиев Шыңғыс (ШҚО)
3. Байманов Артур (Ақмола облысы)
3. Нұрыллаұлы Бибарыс (Ақтөбе облысы)
79 кг
1. Жылқайдаров Айбар (ШҚО)
2. Мухтаров Наиб (Маңғыстау облысы)
3. Қарабалаев Жақсыбек (Маңғыстау облысы)
3. Абидов Ибрагим (РКС Алматы)
86 кг
1. Мелдебек Данияр (ОҚО)
2. Дитцоев Аслан (Жамбыл облысы)
3. Иманали Сағи (Алматы қаласы)
3. Совет Абылай (РКС Алматы)
92 кг
1. Ерғали Алишер (Алматы қ)
2. Азов Нурсултан (Ақмола облысы)
3. Жұмаш Қуаныш (Алматы облысы)
3. Тұрбергенов Қайсар (Маңғыстау облысы)
97 кг
1. Бақытханов Серік (Қарағанды)
2. Шерехан Шапағат (Астана)
3. Селимханов Рикшад (Маңғыстау облысы)
3. Аралбаев Мади ( Павлодар облысы)
125 кг
1. Эюбов Омар (Алматы облысы)
2. Сәдібек Оразбай (ОҚО)
3. Тажи Самат (Қызылорда)
3. Өсербай Бақдәулет (ОҚО)

Әйелдер күресі