Роман Еремин ізге түсу сайысында үздік елулік қатарына енді
Ресейдің Тюмень қаласында биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңінде ерлер арасындағы ізге түсу сайысы аяқталды. Бұл туралы ҚР ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты жазды.
Пасьютте жеңіс франциялық Мартен Фуркадқа бұйырды. Екінші орында норвегиялық Йоханнес Бе. Үздік үштікті италиялық Лукас Хофер түйіндеді.
Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Роман Еремин көрсетті – 47-ші. Владислав Витенко жарысты 53-ші орында аяқтады.
Биатлоннан Әлем кубогының IX кезеңі, Тюмень, Ресей<br />
Ерлер<br />
Ізге түсу, 12.5 шақырым
1. Мартен Фуркад (Франция) – 32:09.7
2. Йоханнес Бе (Норвегия) – +47.9
3. Лукас Хофер (Италия) – +1:08.4
…47. Роман Еремин (Қазақстан) – +6:01.3
53. Владислав Витенко (Қазақстан) - +6:34.4
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или