Тұрсынғалиев пен Дычко Boxrec.com рейтингісінде жоғары көтерілді
<span>Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін (57,1 келі - 126 фунт) Мұса Тұрсынғалиев пен аса ауыр салмақта (90,892 келіден жоғары - 200 фунттан жоғары) бокстасатын Иван Дычко (5-0-0, 5КО) Boxrec.com сайты ұсынған рейтингіде жоғары көтерілді.<br /></span><br /><span>Мұса бүгін таңертең Майамиде өткен жекпе-жекте доминикандық Луис Инохості (31-13-0, 18КО) техникалық нокаутпен жеңіп, жастар арасында IBF чемпионы белбеуін иеленген еді. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз аталған рейтингіде 67 саты көтеріліп, 242-ші орынға табан тіреді.</span>
Ал Иван Дычко өзінің бесінші кездесуінде америкалық Стивен Кирнонды (2-1-0, 1КО) бірінші раундтың 38 секундында ауыр нокаутпен жеңді. Осы жеңістен кейін Иван 41 саты жоғарлап, 217-ші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или