Ақтөбе қаласында еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтті

Ақтөбе қаласында еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтті

Ақтөбеде өткен жылы ашылған «Жекпе-жек» сарайында еркін және әйелдер күресінен 20-22 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Чемпионаттың алғашқы күнінде әйелдер күресі бойынша 80-ге жуық қыз бала боз кілемде белдесті. Нәтижесінде 50 келі салмақта Қарағандыдан келген Наргиз Икрамова, 55 келі салмақта алматылық Айжан Сүйдуова, 59 келі салмақ дәрежесінде Солтүстік Қазақстан облысынан келген Екатерина Фирстова, 65 келіде Ақмола облысынан келген Альбина Қайыргелдинова бірінші орындарды иеленді. Жалпы 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Дүбірлі доданың екінші және үшінші күндері ерлер өзара сынға түсті. Жалпы Қазақстан біріншілігіне әр өңірден 300-ге жуық балуан қатысты. Чемпионаттың құрметті қонағы ретінде еркін күрестен Олимпиада ойындарының чемпионы, бес дүркін Әлем чемпионы, Қазақстан еркін күрес академиясының бас жаттықтырушысы Хаджимурат Гацалов қатысты. Сонымен бірге үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова да келіп, біріншіліктің ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді.

Айта кетейік, осы жылдың жаз айларында әйелдер күресінен оқу-жаттығу жиындары және шеберлік сабақтары Ақтөбедегі осы жаңа кешенде өтетін болды.

Ержан Қыстаубаев, чемпионаттың бас төрешісі:

– Бізде Азия чемпионаты және Әлем чемпионатына іріктеу болып жатыр. Бірінші орын алған балалар Азия чемпионатына барады, сосын Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетсе, Әлем чемпионатына барады.

Хаджимурат Гацалов, Қазақстан еркін күрес академиясының бас жаттықтырушысы:

– Еркін күресті дамыту бойынша Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Арнайы ашылған интернаттар мен мектептер жұмыс істеп тұр. Алайда спорттың осы түрінен жүйені жетілдіру керек. Күрес десе ішкен асын жерге қоятын жастар жеткілікті. Оларды сапалы дайындап, әлемдік деңгейге көтеру керек. Жай ғана әуесқой спортшы емес, кәсіби спортшы болу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или