Альварес жазаланса, Головкин кіммен кездеседі
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альварес жазаланатын болса да, GGG келесі жекпе-жегін 5 мамырда өткізеді.
Бұған дейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықты 10 сәуірге дейін бокстан шеттеткен. Сол күні отырыс өтіп, Альварестің допинг дауына қатысты ісі қарастырылады. Ол 2 жылға дейін жазалануы мүмкін.
«Комиссияның шешіміне қарамастан, Канело жазаланса да, Геннадий 5 мамырда жұдырықтасады. Сол уақыттағы ең дұрыс бағытты таңдаймыз, бірақ Головкин 5 мамырға дайындала береді. Билли Джо Сондерсті немесе жұдырықтасуға болатын біреуді таңдар едік. Бірақ қарсыласымыз Канело болады деп үміттенеміз. Болмаса, барлық нұсқаны талдап, HBO және T-Mobile Arena адамдарымен ақылдасамыз», - деді Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или