Абель Санчес: Шынымен, мәселе етте болса, Альварес ақымақ екен
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің келесі қарсыласы Сауль Альварестің қанынан допинг табылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікірін айтты.
«Егер допинг-сынама, расымен де, бұзылған еттің салдарынан оң нәтиже көрсетсе, Альвареске ешқандай жаза қолдануға болмайды. Бірақ бұл Саульдің жәй ғана ақымақ екенін көрсетеді. Оның командасында өз боксшысына Мексикадан басқа жерден ет алдырту үшін 200 доллар болмады дегенге сенбеймін», - деді Санчес.
Ақпанда Альварестің қанынан допинг табылған. Алайда наурыздағы допинг-сынамаларда тыйым салынған препарат табылған жоқ. Альварестің командасы допинг Канелоның қанына бұзылған ет арқылы кіріп кетті деп айтқан еді.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или