Just Wrestling
Күрес

Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды
news-banner7
mobile-news-top

22 наурыз күні Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионаттың ресми ашылуына облыс әкімі Б.Сапарбаев қатысып, барша қауымды жарыстың ашылуымен және Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шара барысында облыс әкімі 2018 жылы Бішкек қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған Нұрислам Санаевқа 2 бөлмелі пәтердің кілтін және 1 миллион көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. Ал, Нұрисламды жарыс жолына дайындаған жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмахановқа 300 мың теңге, грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Мейрамбек Айнағұловқа 300 мың теңге және жаттықтырушысы Рақымжан Бақытжановқа 200 мың теңгедей сыйақы берілді.

Сонымен қатар, айтулы додаға құрметті қонақ ретінде еркін күрестен Олимпиада ойындарының чемпионы (Афина 2004ж), бес дүркін әлем чемпионы, үш мәрте Еуропа чемпионы, Қазақстан еркін күрес күрес академиясының басшысы және бас жаттықтырушысы Хаджимурат Гацалов қатысты.

Айта кетейік, жарысқа ҚР барлық аймақтарынан барлығы 300-ге жуық балуандар қатысуда. 23-24 наурыз күндері чемпионаттың финалдық ойындары өткізіліп ең мықтылар анықталатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер