Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

<span>Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске бірінші жекпе-жек алдында допинг қолданды, деп айып таққаны үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы шара қолданатынын айтып, сес көрсетті, деп жазды kaz.tengrinews.kz. </span>

<span>Наурыздың басында Альварестің өз отанында екі рет тест тапсырып, кленбутеролдың табылғаны анықталды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп түсіндірді. Одан кейінгі үш допинг-тесттен "Канело" өткен болатын.  Кеше Головкин маңызды мәлімдеме жасады, оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. </span>

<span>"Ол анық көрініп тұрды, оның бұлшықеттерінде иненің іздері болды. Оның суреттерін алып, дәрігерден сұраңыздар", - деді GGG.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или