Геннадий Головкин «Канелоны» желаяқ Усэйн Болтқа теңеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) ESPN Deportes тілшісі Бернардо Осунаға сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Головкин алда жоспарланған мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне дайындық туралы айтып, оған түзетулер енгізуге қатысты пікірімен бөлісті.
- Барлығы жақсы. Екінші айқасқа үлкен жоспарлар бар. Дайындыққа қызу кірісіп кеттік. Спаррингтер басталды.
- Реванш алдында өзгертуді немесе жақсартқың келетін тұстар бар ма?
- Көп нәрсені өзгерткім келмейді. Себебі мен бірінші айқасты жеңдім - мен бұған сенімдімін. Осыған дейін «Канело» еш уақытта айналшақтап қашқан емес. Бірақ бірінші жекпе-жегімізде ол Усэйн Болт сияқты жүгіріп жүрді! Мүмкін оған өзгеру жағын ойлану керек шығар.
Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. Ол төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Реванш ағымдағы жылдың 5 мамырына белгіленді.
Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.