Головкин алғашқы жекпе-жектегі төрешілерді лаңкеске теңеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткен алғашқы жекпе-жекті қазылық еткен төрешілерді лаңкеске теңеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>- Бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткеніме сенімдімін. Сол кезде мүмкін бірнәрсені дұрыс түсінбеген болармын деп ойладым. Алайда жекпе-жектің қайталауын көріп шықтым. Бұл адамдар - лаңкестермен бірдей. Олар спортты өлтіреді. Мұндайларды абақтыға қамау қажет. Допинг қолданатындарды да. Бұл Америка емес пе, нағыз демократияның отаны, - деді Головкин.</span>
<span>Айта кетейік, 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте қос боксшы тең түскен болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или