Бокстан ӘЧ. Ілияс Сүлейменов жарысты сәтті бастады

Бүгін Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші кезеңі басталды. Дәл қазір шаршы алаңға алаң иелері, яғни қазақ боксшылары беттеді. 52 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Ілияс Сүлейменов аустралиялық боксшы Эндрю Молониді ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Қандасымыз алғашқы айналымда өзін сергек ұстап, аустралиялық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Алайда, бірінші раундта қос боксшы тең дәрежеде айқасқандай көрінді. Дей тұрғанмен, кездесудің екінші кезеңінде Ілияс жойқын соққыларымен, қарсылдасын бет қаратпады.Ойынның қортындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті жерлесімізге сыйлады. Ілиястың келесі қарсыласы Қырғыз елінің былғары қолғап шебері Азат Усеналиев болмақ.

Ілияс Сүлейменов осы әлем біріншілігінде топ жарады деп үміт артып отырған оғланымыз. Өйткені, дәл осы салмақта Болат Жұмаділов 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или