Бокс

Сатыбалдинова: Тең есепті жариялаған кезде өзімді GGG-дей сезіндім

Сатыбалдинова: Тең есепті жариялаған кезде өзімді GGG-дей сезіндім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Аида Сатыбалдинова америкалық Лиза Портерге қарсы жекпе-жекте кәсіпқой бокстағы дебютін өткізген соң өз әсерімен бөлісті.

Ол дебютті жекпе-жегінде қарсыласымен тең түсті. Бірақ өзі бұл кездесуде жеңдім деп санайды.

«Бүгін тең есепті жариялаған кезде өзімді Генадай (Геннадий Головкин) сезіндім. Жалпы, бәрі жақсы. Дебютімде жеңілген жоқпын. Оның үстіне, түзде жұдырықтастым! Әрине, жұмысымды жалғастырып, келесі жекпе-жектерге дайындаламын. Менің командама және маған көмектескендерге рақмет. Маған қолдау көрсету үшін Қазақстаннан келген адамдарға алғыс айтамын», - деп жазды Сатыбалдинова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер