Қазақстан Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады

Қазақстан Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындары соңына жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарын 20-шы орында аяқтады. Бұл орынды біздің спортшылар Қытай құрамасымен бөлісті. Қос құраманың қоржынында бір алтыннан бар.</span>

<span>Айта кетейік, шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық жүріс спринтінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынған болатын. </span>

<span>Жалпы есепте көшбасына АҚШ құрамасы шықты. Америкалық спортшылар 36 жүлдені (13 алтын, 15 күміс, 8 қола) жеңіп алған. Екінші орында Ресей спортшылары — 34 (8-10-16). Үздік үштікті канадалық спортшылар түйіндеді. Олардың қоржынында 28 жүлде (8-4-16) бар. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или