«Қайрат» бапкері қызметінен кетуге жақын

 «Қайрат» бапкері қызметінен кетуге жақын

Алматылық  «Қайрат» клубының бапкері Карлос Алос Феррер өз қызметінен кетуі мүмкін.

Бұл туралы команда бапкері ел чемпионатының екінші туры аясындағы  «Атыраумен» (2:0) болған ойыннан кейінгі баспасөз маслихатында айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz тілшісі. 

«Біздің жасап жатқан жұмыс клуб басшылығының көңілінен шықпайды. Ертең Қайрат Боранбаевпен кездесіп бар мәселені шешеміз», - деді Карлос Алос.

Естеріңізге салсақ, «Қайрат» ел біріншілігінің екі турынан соң алты ұпай жинап көшбасшы орында келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или