«Қайрат» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

«Қайрат» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Ел біріншілігінің алғашқы турында «Қызылжарды» ептеп жүріп әрең ұтқан «Қайрат» Алматының Орталық стадионында «Атырауды» қабылдады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Алаң қожайындарының бастапқы уақытта ойыны жүрмеді. Ал қонақтар тек қарымта шабуылдармен шектелді. Бірінші таймның орта тұсында Бабатунде Аршавинді шалып жықты. Төрешінің сары қағазымен келіспей сөзге келген шабуылшы алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған қонақтар «Қайраттың» қарымына әрең шыдас берді. Бірде Угоның баспен ұрған добы қақпа бағанасына тиіп кері серпілсе, енді бірде Аршавин қақпашымен дара шыққан мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Ойынның екінші бөлігін «Қайрат» ойыншылары қарқынды бастады. 56-минутта әріптесінен әуелетіп доп алған Уго қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Араға он минут салып «Қайраттың» есепті еселейтін тағы бір мүмкіндігі болды. Алайда қақпашымен жеке даоа шыққан Уго мүлт кетті. Ойынның аяқталуына аз ғана уақыт қалғанда Ян Вороговский гол соқты. Қақпа алдында әдемі комбинация жасаған алаң қожайындаы есепті еселеді.

Осылайша, Карлос Феррердің шәкірттері өз алаңында өткен екінші ойында қатарынан жеңіске жетіп, көшбасшылар тізімінде қалды.

Қазақстан Премьер-Лигасы. 2-ші тур

«Қайрат» (Алматы) – «Атырау» (Атырау) – 2:0 (0:0)

Голдар: 56’ Уго (1:0), 86' Вороговский (2:0)

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Нұралі Әліп, Акош Элек, Шелдон Бато, Ян Вороговский, Исаэль, Исламбек Қуат (К), Магомед Парагульгов, Елдос Ахметов, Андрей Аршавин, Уго Сильвейра.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Гафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен, Александр Соколенко, Гай Ассулин, Чума Анене, Вычеслав Швырев, Самат Сәрсенов.

Бас бапкер: Карлос Феррер.

«Атырау»: Владимир Логиновский (Қ), Антон Чичулин, Томислав Барбарич, Пиралы Алиев, Руслан Эсатов, Дәурен Мажитов, Эльдар Абдрахманов, Джозеф Нейн, Новица Максимович, Марат Хайруллин (К), Адениджи Бабатунде.

Қосалқы құрам: Андрей Пасеченко (Қ), Ризван Аблитаров, Қуаныш Қалмұратов, Дәурен Қайраллиев, Ринат Джуматов, Эдуард Сергиенко, Стефан Живкович, Предраг Сикимич.

Бас бапкер: Вахид Масудов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер