Тимур Құлыбаев шаңғышы Колядинді жеңісімен құттықтады

Тимур Құлыбаев шаңғышы Колядинді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев шаңғышы Александр Колядинді Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span>«Құрметті, Александр! Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті және еліміздің спорт қауамдастығы атынан Сізді Пхенчхандағы XІI қысқы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің алтын медаліңіз Қазақстан үшін тарихи жеңіс және бұл жетістігіңіз еліміздің Паралимпиада спортының тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз. Сіздің мақсатқа жету жолында танытқан қайраттылық пен қайсарлығыңыз көпке үлгі. Шын жүректен Сізді, жаттықтырушылар құрамын және Қазақстанның Паралимпиада комитетін осындай жетістікпен құттықтаймыз!» деп жазылған хабарламада. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или