Қысқы

Александр Колядин Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Александр Колядин Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет Паралимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Шаңғышы Александр Колядин классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысының іріктеу кезеңінде де, жартылай финалдық сынында да үздік шықты. Ақтық сын басталғанда қарсыласынан 15 секундтай қалып кеткенімен, көп ұзатпай қайта алға озып, өзінің мықтылығын дәлелдей білді.

Отандасымыз финалда 4:19.7 минут уақытта мәреге жетіп, алтын медаль алды. Жапониялық Йошихиро Нитта (+0.8) күміс, Канада спортшысы Марк Арендз бен финляндиялық Иикк Туомисто (+1.1) қола жүлдеге ие болды.

Тағы бір шаңғышымыз Александр Герлиц іріктеу кезеңінен сәтті өткенімен (+13.21), келесі раундта жолы болмады (+19.0). Сөйтіп, жарыстың финалына шыға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер