Новак Джокович Майк Тайсонның қызымен теннис ойнады
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Индиан-Уэллстегі турнирден кейін боксшы Майк Тайсонның қызымен жаттықты, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
«Менің Индиан-Уэлсстегі сапарымның ең маңызды сәті Новак Джоковичпен кездескенде басталды. Ол маған бірге ойын өткіземіз деп уәде етті. Шынымды айтсам, мен аң-таң күйге түстім. Новактың адамгершілігі мен қарапайымдылығының алдында бас иемін. Уақытыңды бөліп, керемет ойын кешін сыйлағаның үшін алғыс білдіргім келеді. Бүгінгі күнді ешқашан естен шығармаспын», – деп жазды Милана Тайсон өзінің Instagram парақшасында.
Джокович Индиан-Уэллс турнирінің бірінші айналымында жапониялық Таро Даниэльге 6:7, 6:4, 1:6 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или