Деонтей Уайлдер: Допинг қабылдағандарды абақтыға қамау керек
<span>WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер допинг қабылдаған спортшыларды қатаң жазалау керек екенін айтты, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>
<span>Америкалық даңқты боксшы Деонтей Уайлдер допинг қабылдайтын спортшыларды қатаң сынап, оларды барынша қатал жазалау керек екенін жеткізді. Ол өз сөзінде: «Мен бұл туралы талай рет пікір білдіріп, қолдамайтынымды айтқан болатынмын. Біз шаршы алаңға шыққанда өмірімізді қатерге тігеміз. Допинг қолданған спортшыларды абақтыға қамау керек. Бокстың атына кір келтірген кез келген спортшыны түрмеге тоғыту керек», – деді Уайлдер.</span>
<span>Айта кетейік, жақында Сауль Альварестің қанынан тыйым салынған препарат табылған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или