Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден халықаралық кубокта 16-шы орын алды
Қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан трамплиннен секіруден халықаралық кубокта 16-шы орын алды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Бірінші жарыс күні жерлесіміз 498.8 ұпай жинап, тоғызыншы нәтиже көрсеткен болатын. Артынша, екінші жарыс күнінде Сергей 231.4 ұпаймен жарысты 16-шы орында аяқтады.
Жеңіс аустриялық Мануэль Феттнерге бұйырды. Күміс жүлдені словениялық Бор Павлович иеленсе, тағы бір Аустрия өкілі Штефан Хубер үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 17 елден 66 спортшы қатысты.
Халықаралық кубок, Закопане, Польша
Ерлер, трамплиннен секіру
1. Мануэль Феттнер (Аустрия) – 268.9
2. Бор Павлович (Словения) – 264.3
3. Штефан Хубер (Аустрия) – 261.2
…16. Сергей Ткаченко (Қазақстан) – 231.4