«Астана Арландары» мен Patriot Boxing Team кездесуі жанжалмен аяқталды
Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы қазақстандық және ресейлік клубтар арасындағы кездесу даумен аяқталды.
«Астана Арландары» мен «Патриот Боксинг Тим» Санкт-Петербург қаласында жолыққан.Алаң иелері 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ соңғы жұптың нәтижесіне көпшіліктің көңілі толмай отыр. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен спорт сайттарында пікірталас қызып тұр. Өйткені аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберген. Бірақ төрешілер шешіммен Шигабутдин Алиев жеңімпаз атанды.
Бүкіләлемдік бокс сериясы бұл жағдайға қатысты әзірше ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или