Эдди Хирн: «Қазақтың найзағайы» келе жатыр!

Эдди Хирн: «Қазақтың найзағайы» келе жатыр!

Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне анонс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

<span>«Бруклин... „Қазақтың найзағайы“ келе жатыр! Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 28-ші сәуір күні „Barclays Center“ спорт кешеніндегі бокс кешінде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді </span><span>— жіберіп алмаңыздар!» — деп жазды Хирн Twitter желісіндегі парақшасында.</span>

Айта кетейік, танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді. Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или