Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы әлемдегі ең қиын әдісті орындады
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусова Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы чемпионатта төрт рет айналып тулуп орындады, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz сайты.
<span> Джекки Вонг есімді журналист спортшы қыздың секірген сәтінің видеосын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Ресейлік 13 жасар мәнерлеп сырғанаушы тарихта тұңғыш рет әйелдер арасында жеке мәнерлеп сырғанаудан осы әдісті ресми турнирде орындап отыр. Осылайша, Александра Трусова ерікті бағдарламада 153,49 ұпай жинады.</span>
<iframe width="515" height="320" src="https://www.youtube.com/embed/RWW1-MQqTiA" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>
<span>Болгариялық мектеп оқушысы Этери Тутберидзе 225,52 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Ал күміс медаль ресейлік оқушы қыз Алена Косторнаяға бұйырды. Ол 207,39 ұпай жинады. Ал жапониялық Мако Ямасите үшінші орынды иеленді. </span>