«Астана арландары» - «Ресей патриоттары» бокс кешін «Хабар» көрсетеді
«Астана арландары» алдағы жексенбіде «Ресей патриоттарымен» шаршы алаңға шығады.
Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті жекпе-жектері Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстандық команда сапында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Бекзод Халметов және Шаймұрат Құсайынов пен Нұрсұлтан Аманжолов жұдырықтасады.
Жекпе-жектер 52,60,69,81 және аса ауыр салмақтарда өтеді. Ресейлік командамен біздің жігіттер ақпан айында Бурабайда кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Санкт-Петербургтегі бокс кешін жанкүйерлер «Хабар» арнасынан жексенбі күні сағат кешкі сағат онда көре алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или