Boxing Monthly: Данияр Елеусінов көп үміт күттіретін боксшылардың бірі

Boxing Monthly: Данияр Елеусінов көп үміт күттіретін боксшылардың бірі

Boxing Monthly басылымының тілшісі Марк Батчер 2018 жылы басты назарда ұстайтын боксшылардың есімін атады, деп жазады Prosports.kz сайты. 

Марк Батчер ТОП-10 тізімге Сулейман Сиссоко (3-0, 3 КО), Верджил Ортис (8-0, 8 КО), Тугсцогт Ньямбаяр (8-0, 8 КО), Тони Йока (2-0, 1 КО), Карлос Бальдерас (2-0, 2 КО), Филип Хргович (2-0, 2 КО), Шакур Стивенсон (3-0, 1 КО), Кристиан Мбилли (6-0, 6 КО), Михаил Алоян (2-0, 2 КО), Райан Гарсия (12-0, 11 КО) және қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновті қосты. 

Айта кетейік, танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді. Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или