Ақтөбенің тумасы IBF чемпиондық белбеуін қорғай алмады

Ақтөбенің тумасы IBF чемпиондық белбеуін қорғай алмады

Ақтөбенің тумасы Сергей Липинец америкалық Майки Гарсияға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде IBF чемпиондық белбеудің иегері Сергей Липинец АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткен жекпе-жекте Майки Гарсиядан төрешілердің шешімі бойынша ұтылды. 

Ақтөбенің Мәртөк ауданында дүниеге келіп, ес білген шағына дейін сонда өскен. Бокспен айналысуды да Ақтөбеде бастаған. Әуелі кик-боксингпен шұғылданды. 

Ал қазір өз салмағында әлем үздіктерінің бірі. Boxrec рейтингінде 12-ші орында. Кәсіпқой боксқа келген небәрі 3,5 жылдың ішінде 13 рет шаршы алаңға шығып, бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде IBF белбеуіне ие болып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или