Паралимпиада-2018: Герлиц жетінші орынға тұрақтады

Паралимпиада-2018: Герлиц жетінші орынға тұрақтады

10 наурызда оңтүстіккореялық Пхенчхандағы Паралимпиадада қазақстандық парабиатлоншы Александр Герлиц жарыс жолына шықты.

7.5 шақырымдық қашықтықта отандасымыз жетінші орын алды – 20:15.0 (+2:25.6).

Алтын медаль франциялық Бенжамин Давьеге бұйырды. Канадалық Марк Арендс күміс медальді мойнына тақты. Украиналық Игорь Рептюх қола жүлдеге қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін биатлоншы Сергей Усольцев 16-шы орынға табан тіреген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или